Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк инвестиция салған Anthropic IPO-ға шығуға өтінім берді

Ұлттық банк инвестиция салған Anthropic IPO-ға шығуға өтінім берді

Қазақстанның Ұлттық Банкі инвестиция салған жасанды интеллект компаниясы Anthropic АҚШ-та IPO-ға шығу үшін құпия түрде өтінім берді.

Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, жасанды интеллект нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі саналатын Anthropic акцияларды жария орналастыруға дайындықты бастап кеткен. Компания әзірге IPO көлемі мен шарттарын жариялаған жоқ.

Reuters дереккөздерінің айтуынша, жақын апталарда OpenAI компаниясы да АҚШ-та IPO-ға шығу үшін құпия өтінім беруге дайындалып жатыр.

Claude чат-ботын әзірлеген Anthropic соңғы жылдары жасанды интеллект нарығындағы қарқынды өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналды. Компания AI технологиялары арқылы корпоративтік сектордағы жұмыс тәсілдерін өзгертіп, есептеу қуаты мен жоғары білікті мамандар үшін жаһандық бәсекені күшейтті.

Ақпаратқа сәйкес, Anthropic мамыр айының соңында ірі инвестиция тартып, компанияның нарықтық бағасы айтарлықтай өскен.

Еске салайық, Қазақстанның Ұлттық Банкі басқаратын Ұлттық қор Anthropic компаниясына инвестиция салған болатын. 2025 жылдың соңында компанияның құны 183 млрд доллар деп бағаланған кезде, қор тарапынан 25 млн доллар көлемінде қаржы бөлінген.

Ұқсас материалдар