Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы теңгеге ұқсайтын «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралуда. ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша аталған өнімдер жалған болып саналады.
Оны сатып, сақтағандар ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Аталған жағдайлар бойынша Ұлттық Банк олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдаған.
Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеруді ұсынады. Күмәнді банкноталар, соның ішінде түпнұсқа ақша белгілерінің сыртқы белгілеріне ұқсайтын банкноталар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Сонымен қатар Ұлттық Банк түпнұсқа банкноталарда көзбен көріп тексеру және жанасу кезінде оңай анықталатын бірқатар қорғаныш белгі бар екенін еске салады. Бұл белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтында және Ұлттық Банктің Youtube каналында танысуға болады.