Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қордан рекордты сома алынды

Ұлттық қордан рекордты сома алынды

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2024 жылдың қорытындысында Ұлттық қорға жалпы 8,8 трлн теңге түскені мәлім болды.

Дегенмен үкімет былтыр қордан 5,6 трлн теңге алды. Яғни, тек 3,2 трлн теңгеге қосылды деуге болады. 

2024 жылдың 1 қаңтарында қорда 29,8 трлн теңге қаржы жатқан болса, қазір 33 трлн теңгеден асыпты. 

Қорды тілге тиек етуіміз бекер емес, оның өсіп не кемуінің, қаржы алынуының өзі тікелей мұнай бағасына қатысты. 2024 жылы Ұлттық қорға түскен 8,8 трлн теңгенің 3,8 трлн теңгесі – мұнай ұйымдарынан тікелей түскен салық. Қалғаны – инвестициялық табыс. Дегенмен Қаржы министрлігінің есебінде қордың тек 9 айдағы инвестициялық табысы көрсетілген. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ұлттық қордың қаржысын басқарудан 5 трлн теңгеге жуық қаржы түскен. 

Негізі 2024 жылы Ұлттық қордан алынған 5,6 трлн теңге рекордты көрсеткіш екенін айтқан жөн. Республикалық бюджетте 3,6 трлн теңге трансферт бөлінеді деп жоспарланғанымен, 2 трлн теңге артық алынды. Үкімет ел қазынасындағы қаржы тапшылығын қор қаржысымен жауып отыр.

Ұқсас материалдар