Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге кіріс түсіп, 5,6 трлн теңге алынған

Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге кіріс түсіп, 5,6 трлн теңге алынған
Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қорда 29 трлн 854 млрд 109 млн 972 мың теңге болған.

Ұлттық қордың 1 қаңтардағы ақшасы 33 трлн 60 млрд 887 млн 543,3 мың теңге болды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлім етті. 
Бір жылдың ішінде оған 8 трлн 828 млрд 234 млн 159,6 мың теңге түскен. Оның ішінде қордың инвестициялық басқарудан 9 айда 4 трлн 988 млрд 343 млн 240 мың теңге кірген.
Ал жыл бойында Ұлттық қордан 5 трлн 621 млрд 456 млн 588,3 мың теңге алынған. Оның 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт ретінде, 3,6 трлн теңгесі мақсатты трансферт ретінде, басқару мен аудит шығындарына 21,5 млрд теңге жұмсалған.

Ұқсас материалдар