
Ұлттық қордың 1 қаңтардағы ақшасы 33 трлн 60 млрд 887 млн 543,3 мың теңге болды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлім етті.
Бір жылдың ішінде оған 8 трлн 828 млрд 234 млн 159,6 мың теңге түскен. Оның ішінде қордың инвестициялық басқарудан 9 айда 4 трлн 988 млрд 343 млн 240 мың теңге кірген.Ал жыл бойында Ұлттық қордан 5 трлн 621 млрд 456 млн 588,3 мың теңге алынған. Оның 2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт ретінде, 3,6 трлн теңгесі мақсатты трансферт ретінде, басқару мен аудит шығындарына 21,5 млрд теңге жұмсалған.