Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Микрокредит беру мен клиенттердің өтініштерін қараудың жаңа қағидалары бекітілді

Микрокредит беру мен клиенттердің өтініштерін қараудың жаңа қағидалары бекітілді

2025 жылғы 28 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №51 қаулысымен микроқаржы ұйымдарына арналған микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету және клиенттердің жолданымдарын қарау қағидалары бекітілді.

Қаулы 2025 жылғы 30 маусымда қабылданған қаржы нарығын дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңды іске асыру аясында қабылданды.

Жаңа талаптар микроқаржы ұйымдары клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Қағидалар аясында:

  • тұтынушылар үшін тәуекелдерді бағалау және қызмет көрсету сапасын бақылау рәсімдері енгізіледі;

  • клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі нақты белгіленеді;

  • ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерден басқа ұйымдарда арнайы жауапты бөлімше немесе қызметкер тағайындалуы қажет.

Сондай-ақ шарт жасалғанға дейін микрокредиттің талаптарын ашық жариялау, жарнама мазмұнына қойылатын талаптар және проблемалық берешекті реттеу тәртібі бекітілді.

Құжатта мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтарға қызмет көрсету жағдаймикроларын жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылған. Бұл – ғимараттар мен құрылғыларды бейімдеуді және қызметкерлерді арнайы даярлауды қамтиды.

Ұқсас материалдар