Алматы. 9 маусым. 7kun.kz - Freedom Holding Corp.негізін салушы, миллиардер Тимур Турлов Қазақстанның азаматтығын алды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
«Мен Қазақстанға алғаш рет 11 жыл бұрын келдім, соңғы 10 жыл бойы отбасыммен осында тұрып жатырмын. Қазақстан маған үлкен шабыт, көп достар сыйлады. Менің балаларым осында дүниеге келген, барлығы осында оқып, тұрады. Қазақстан – әртүрлі діндер мен ұлттардың өкілдері тату-тәтті және жемісті өмір сүріп жатқан әдемі тәуелсіз, көпұлтты ел. Көптеген адамдар кем дегенде екі тілде сөйлейді. Қазақстанда өзгерістер болып жатыр, бұл маған ұнайды, ең жылдам цифрлық трансформация жүріп жатыр, бұл бізге және холдинг командасына әлемдегі ең озық финтех өнімдерін жасауға мүмкіндік береді», деп жазды миллиардер.
Ол сондай-ақ Қазақстан азаматы болғанын мақтан тұтатынын жазған.
«Бұл жерде еркін тыныстап жатыр, мен Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш, қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді, әділетті мемлекет құра алады деп ойлаймын. Мен кәсіпкер ретінде осыған өз үлесімді қоса аламын деп үміттенемін», дейді ол.
Ол сондай-ақ, Қазақстан - әлемдегі ең қызықты жерлердің бірі және бірге одан да жақсарт алатынымызды айтқан. «Мен Қазақстаннанмын» деген жазбасының соңында ол «Мен қазақша үйренемін, жақында қазақша сөйлейтін боламын!», деп аяқтаған.
Айта кетейік ол бұған дейін Ресейдің, сонымен қатар Сент-Китс және Невис аралдарының азаматы болған еді. Бұған дейін Турловтың Ресей азаматтығынан бас тартқаны туралы хабарланған еді. Қазақстанда қос азаматтыққа тиым салынған.
Соған қарағанда Турлов Сент-Китс және Невис аралдарының азаматтығынан да бас тартқан болуы мүмкін. Бұл елдің азаматы атану үшін мемлекеттік қорына 150 000 доллар салып, 200 000 долларға тұрғын үй алуың керек.