Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мұнай мен газды орынсыз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге төлейді

Мұнай мен газды  орынсыз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге төлейді

Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңгеден астам залалды өндірді.

ҚР Энергетика министрлігі мен оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы өңіраралық мемлекеттік инспекциялары мұнай-газ саласындағы заң талаптарының орындалуын қадағалауды жалғастыруда.

2025 жылдың алғашқы 9 айында көмірсутек секторында 100 тексеру жүргізілді: 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бақылауы және 37 рұқсаттық тексеру.

Нәтижесінде 18 заңбұзушылық түзетіліп, 110 млн теңге көлемінде 80 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қосымша 4 млн теңге айыппұл және 2,4 млрд теңге залал өндірісі бойынша материалдар қаралуда.

Министрлік жер қойнауын тиімді пайдалану мен саладағы тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыра береді.

Ұқсас материалдар