"Әйелім екеуіміз ескі көлігімізді жаңасына ауыстыруды көптен бері ойлап жүр едік. Таныстарымыз бізге Mycar.kz сайтынан көліктерді онлайн қарауды ұсынды. Жексенбі күні бойы жаңа көліктерді зерттеп, кешке несиеге сатып алу өтінішін қалдырдық. Бірден қосымша арқылы банктердің ұсыныстарын алдық", – дейді Виталий. - "Сейсенбі күні біз жаңа көлікті Астанадағы автоорталықтан алып кеттік! Бұл өте ыңғайлы және жылдам болды. Армандаған көлігімізге қоса Mycar.kz-тің мыңыншы онлайн сатып алушысы ретінде жаңа телефонға да ие болдық!", – дейді ол.Mycar.kz өнімдер жөніндегі директоры Диас Мұхамедиевтің айтуынша жаңа автокөліктердің маркетплейсі іске қосылғанына бар болғаны жарты жыл өткен.
"Mycar.kz қосымшасын жүктеген қолданушылар жаңа автокөлікті сатып алу үшін қажетті барлық операцияларды онлайн жүзеге асыра алады. Оның ішінде бренд пен модельді таңдау, қажет болса, 8 түрлі банктен автонесиеге мақұлдау алу, верификациядан өту және бар болғаны 25 минут ішінде барлық қажетті құжаттарға қол қою. Клиенттерімізге көлік толық ресімделіп, мемлекеттік нөмірімен тапсырылады. Егер сатып алу Mycar.kz арқылы несиеге жасалса, автонесиені рәсімдеу мен көлікті кепілге қою сияқты барлық рәсімдер процеске енеді. Клиентке артық сапар жасап, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ – тек жаңа көлігін алып, сатып алудан ләззат алса болғаны", – дейді ол.
Mycar.kz-те қазіргі таңда Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval, Tank және GWM сынды жеті танымал брендті сатып алуға болады.
Маркетпелейс Алматы мен Астана, Қостанай, Қарағанды және Шымкент қалаларын да қамтиды. Жақын арада Қазақстанның барлық өңірлерінен дилерлік орталықтар қосылады деп жоспарлануда.
Компания мәліметінше, жаңа автокөліктердің негізгі сатып алушылары – 30-40 жас аралығындағы ер адамдар (63%), олардың орташа табысы 300 000 теңгеден жоғары.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қаржы
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024