Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

NASA орбитасы төмендеп бара жатқан Swift ғарыш обсерваториясын құтқару үшін құны 30 млн доллар болатын арнайы миссияны іске асырады.

Бұл мақсатта Katalyst Space Technologies компаниясы әзірлеген роботтандырылған Link аппараты телескопты қазіргі 360 шақырымдық орбитадан 600 шақырымға дейін көтеруге тиіс.

2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Swift гамма-сәуле жарқылдары мен жұлдыздардың жарылыстарын зерттеуге арналған. Алайда Күн белсенділігінің күшеюі салдарынан оның орбитасы біртіндеп төмендеп келеді.

Миссия сәтті орындалса, Swift ғылыми бақылауларын қайта жалғастырады. Ал құтқару операциясы жүзеге аспаса, телескоптың Жер атмосферасына еніп, құлау қаупі бар.

Ұқсас материалдар