Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Netflix-ке тарихи драма түсірген киностудия Жошы хан туралы телехикаяны жарыққа шығарады

Netflix-ке тарихи драма түсірген киностудия Жошы хан туралы  телехикаяны жарыққа шығарады

«Karga Seven Pictures» киностудиясы «Dara» қорымен бірлесіп, Жошы ханның өміріне арналған алты сериядан тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық телехикая түсіруді бастады. Бұл туралы «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Karga Seven Pictures Netflix үшін 90-нан астам елде үздік 10-телехикаяға айналған Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses хикаялары сияқты ірі тарихи деректі драмаларды түсірген.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе», – дейді Karga Seven Pictures креативті директор Эмре Шахин.

Алтын Орда империясының даму кезеңдері, Жошы ханның өмірі арқау болатын туынды түсірілімі алдағы күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарлануда.

2024 жылы Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді.

Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Ұқсас материалдар