Нұр-Сұлтан. 11 мамыр. 7kun.kz – Нью-Йорк федералды соты Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ильясқа сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзғаны үшін, дәлелдемелерді жойып, жалған айғақтар бергені үшін $221,285 мың көлемінде санкция салды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, төлем 30 күн ішінде жасалуы керек.
Нью-Йорк соты Храпуновқа екінші рет ақшалай санкция салып отыр. Біріншісі - интернет арқылы құпия айғақтарды жария еткеннен кейін салған. Осыған ұқсас әрекеттер үшін жауапкер Мұхтар Әбіләзовқа да бұрын $140,115 мың көлемінде санкциялар қолданылған.
"Санкциялар салу туралы шешімді аумақтық судья Элисон Дж. Натан қолдаған. Әбіләзов, Виктор және Ильяс Храпуновтардың БТА Банкінің және Алматы әкімдігінің Аблязовқа, Храпуновқа және Triadou SPV S. A. жалған компаниясына қатысты үлкен маңызы бар дәлелдемелерді табуға кедергі келтіргені үшін, ондаған миллион долларды жымқырғаны үшін санкция салынды ", - делінген хабарламада.
Сотталушылар айғақтарды жасырып, дәлелдемелерді әдейі жойып, жалған айғақтар беріп, сот қаулыларын бұзғаны атап өтілді.
Алматы әкімдігі мен "БТА Банктің" талабымен Әбіләзов пен сыбайластары ұрлаған ақшаны АҚШ-қа жібергенін айыптау бойынша Нью-Йорк процесі алты жыл бұрын басталған. Негізгі сот процесі 2022 жылдың күзінде Нью-Йоркте америкалық алқабилер сотының алдында өтеді деп жоспарланған.
Мұхтар Әбіләзовты Франция билігі 2013 жылдың 31 шілдесінде ұстады. 2013 жылғы тамыз ішінде Қазақстан, РФ және Украина бір-біріне тәуелсіз, дербес және әрбір елдің ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес Әбіләзовты Франциядан экстрадициялау туралы сұрау салды.
2015 жылдың қыркүйегінде Франция үкіметі Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарды. Алайда, 2016 жылғы 9 желтоқсанда Францияның Мемлекеттік Кеңесі осы елдің премьер-министрінің оны РФ-ға беру туралы Жарлығын жойып, банкирді бостандыққа шығарды. Негіздеме ретінде француз Мемлекеттік Кеңесі оны беру "саяси мақсаттар үшін сұралғанын"атап өтті.
Әбілязов Қазақстанда мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге банк саласында кәсіби қызметпен айналысу құқығынан шектеумен сырттай 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қазіргі уақытта "БТА банк" компаниясына қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев және Fincraft Group (бұрынғы Novacom Corporation) - Холдинг компаниясы иелік етеді, оның жалғыз иесі - Кеңес Рақышев.