Банктің бұған дейінгі басқарма төрағасы Гүлнар Мұсатаева 1 маусымда өз еркімен жұмыстан кетіп, Алексей Мажуга міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.
Айта кетейік, Нұрбанктің ірі акционері «JP Finance Group» ЖШС. Компанияға банктің 77,88% қарапайым акциясы тиеселі. Жалғыз акционері Эльдар Сәрсенов. 2025 жылдың маусым айында Марко Блануша банктің акционерлері құрамына кірді. Оған 9,98% немесе 1,4 млн қарапайым акция тиеселі.
Нұрбек Толымбеков әр жылдары «Альянс Банк» АҚ, «Шинхан Банк Казахстан» АҚ, «ForteBank» АҚ ұйымдарында қазынашылық, тәуекелдерді басқару, бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау, бюджеттеу және контроллинг бағыттары бойынша түрлі лауазымдарды атқарды. 2023 жылдан бастап «Нұрбанк» АҚ Қаржы директоры – Басқарма мүшесі, 2025 жылдан бастап, бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі ретінде қаржы блогына жетекшілік етті.





