Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 10 миллион баррельден астам мұнай тасымалданып жатыр.
Бұл туралы америкалық әкімшілік өкіліне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, бұған қоса тәулігіне тағы шамамен 5 миллион баррель мұнай балама бағыттар арқылы әлемдік нарыққа жеткізіледі.
Агенттік мәліметіне сәйкес, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғанға дейін Ормуз бұғазы арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданған. Қазіргі көрсеткіш бұрынғы деңгейден айтарлықтай төмен болғанымен, бұғаз әлемдік энергетикалық логистикадағы маңызды рөлін сақтап отыр.
Бұған дейін Иранның Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Ормуз бұғазы халықаралық теңіз қатынасы мен коммерциялық кеме қатынасы үшін ашық екенін мәлімдеген болатын.
Сарапшылардың пікірінше, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының көлемі әлемдік энергетика нарығы үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан өңірдегі геосаяси ахуал мен кеме қатынасының тұрақтылығы мұнай бағасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





