Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асып кетті – ҚМА

Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асып кетті – ҚМА
Су тасқыны кезінде қазақстандықтардың қайырымдылыққа жинаған 1 млрд теңгеден астам қаражатын өз қалтасына басты деген күдікпен тергеуде отырған блогер Перизат Қайраттың қылмыстық ісі 100 томнан асып кеткен.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті. 

Елемесовтің сөзіне сенсек, Перизат Қайраттың ісі 2025 жылдың наурызында тергеліп бітеді деген болжам бар. Одан кейін тараптар қылмыстық іспен танысады. Ал ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз. 

«Жақын арада, болжам бойынша, наурызда қылмыстық істі тергеу аяқталады. Іс 100 томнан асты. Бұған дейін біз Перзат Қайраттың Палестинаға жинаған ақшаны, су тасқынына жинаған ақшаны өз мүддесіне жұмсағанын айтқамыз. Қаңтар айында оның ісіне жаңа эпизод қосылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру орталығын ашамын деген желеумен 22 млн теңгені жеке мүддесіне пайдаланған. Жалпы, осы айтылған қайырымдылық шараларына ақша жинай отырып ол бірнеше пәтер, жер үй, қымбат көлік алғанын айтқамыз», – дейді ол.

Елемесов сөз соңында Перизат Қайраттың ісі бойынша басты күдікті өзі мен анасы екенін айтты. Анасы алаяқтыққа сыбайлас болып, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.

 

Ұқсас материалдар