Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент: Тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек

Президент: Тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек

Мен азаматтарымыздың қарыз­ға белшеден батқанына қатты алаң­даймын. Себебі бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында несие мәселесі туралы пікір білдірді.

«Мен 2019 жылы Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық еді. Сол уақытта 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. Бұл бірреттік шара болатын. Ал 2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. Мұның бәрі мәселенің ушығып кетпеуіне ықпал етті. Осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтырғы Жолдауымда Үкіметке тың шараларды қолға алуды тапсырдым. Негізінен, бұл жағдайға жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта бірқатар нақты шаралар жасалып жатқанын атап өтті.

«Мысалы, соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын тұтыну несиесі капиталының көлеміне қатысты талаптар бес есе күшейтілді. Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешегі бар адамдарға несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ қарызын уақтылы өтей алмаған борышкерге 90 күннен әрі айыппұл салуға болмайды. Коллектор агенттіктеріне тұрақты тексеру жүргізіледі.  Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға ен­гізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өз­герістер банктерге, микрокредит ұйым­­дарына және коллектор агент­тік­теріне талапты одан да күшейте түседі. Несиелерді коллектор компаниялары­на сатуды шектеу ұсынылады. Коллек­тор компания­лары қарызды өзіне ал­ған соң мәселені реттеп көруге мін­дет­ті болады. Банк омбудсменінің өкі­лет­тігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжат­ты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бас­таманы қолдауға дайынмын», деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас материалдар