Ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазақстан аумағындағы жаңа ауқымды жобаларға қатысуға әзір екенін айтты.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақаласында келтірген.
Ресей көшбасшысының айтуынша, Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Ресейден Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 13 миллиард доллардан асты.
«Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Бұл экономиканы жаңғыртуға және екі мемлекеттің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді», – деді Путин.
Мақалада уран өнеркәсібіне ерекше назар аударылған. «Росатом» бірегей тәжірибесі арқылы ядролық-отын циклындағы жобаларды қолдауға және қазақстандық тараппен әріптестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Путин «таза» энергия, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күрес салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де атап өтті.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024