Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Қырғызстан арасында тауарайналым 6,8 %-ға артты

Қазақстан мен Қырғызстан арасында тауарайналым 6,8 %-ға артты

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауарайналым 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 126 млн $ болды. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі мөлшерден (118 млн $) 6,8% көп, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, керісінше, экспорт көлемі 14,2% азайғаны айтылады. Қазақстан қырғыз еліне табиғи газды аз экспорттай бастаған. Бұдан бөлек, экспорт тауарларының басым бөлігі: алтын және көмір. Өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын экспорты 4 есеге, тас көмір экспорты 2,2 есеге ұлғайған.  


Қазақстаннан Қырғызстанға экспорттың негізгі тауарлары темекі өнімдері - $6,6 млн. (үлесі 9%), тас көмір - $5 млн. (6,8%), минералды және газдалған сулар - 4,5 млн. (6,2%), өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын - $4 млн. (5,5%), жеңіл автомобильдер - $2,8 млн. (3,8%), табиғи газ - $2,2 млн. (3%), макарон өнімдері - $1,3 млн. құрады (1,8%).

Бұдан басқа, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 59,6% - ға өсіп, $53,7 млн құрады. Қырғызстаннан келетін импорттың өсуі мұнай өнімдерін жеткізудің ұлғаюына байланысты. Ол $9,7 млн. өскен. Ал сүт өнімдері: айран, йогурттің өсімі 3,7 артқан. Сонымен қатар, бағалы металдардың кені мен концентраттарының импорттық тасымалы - 18,6% - ға немесе $2,6 млн. - ға, нан мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер-12,9% немесе 409,4 мың долларға, жарықтандыру жабдықтары-99,7% немесе 349,9 мың долларға ұлғайған.

Ұқсас материалдар