Бішкек. 31 мамыр. 7kun.kz – Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі «Қырғызтелеком» ААҚ және MegaCom байланыс компанияларымен бірлесе отырып, елді цифрландыруды жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол үшін Қырғызстан билігі қазақстандық Kaspi.kz үлгі негізінде қаржылық және техникалық платформа құратындықтарын мәлімдеді.
«Біз мемлекеттік банктердің лицензиясын пайдаланғымыз келеді. Төрт банктің ішінде бізге консервация режимінде тұрған Еуразиялық банк ұсынылды. Банк 200 млн көлемінде қосымша инвестиция салуды талап етеді. Біз қазақстандық Каспий банкінің үлгісін пайдаланамыз», – деді министр.
Айта кетейік, Қазақстанда банк қызметтерінен басқа Kaspi.kz бөлшек қаржы қызметтерін, электрондық төлемдерді және электрондық сауда алаңдарын ұйымдастыруды қамтиды. Цифрлық банк нарығының үштен екісінен астамы бір банкке тиесілі.