Алдағы уақытта Қорғас, Достықпен қатар Бақты шекара бекеті арқылы да қатынас ашылады. Бұл үшін Аягөзден Бақтыға дейін теміржол төселеді. 270 шақырымдық бұл жол ежелгі Жібек жолының жаңғырған бір тармағы болмақ. Темір жол саласы мамандарының айтуынша, «Аягөз-Бақты» бағытындағы шойын жол ел экономикасына тың серпін береді. Жоба жүзеге асқанда Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Жүкті жеткізу уақыты да 3 күннен 2 күнге қысқарады. Стратегиялық нысан іске қосылғанда шекара шебінде Мақаншы ауданында 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Теміржол салу 2024-2025 жылдарға жобаланып отыр. Пойыз Аягөз, Таскескен, Үржар, Мақаншы және Бақты ауылдарында барады. Теміржолдың бойына 11 разьезд, 47 көпір, бірнеше жол өткелі салынады. Алдын ала болжам бойынша теміржолмен жылына шамамен 7 миллион тонна жүк тасымалданады. |