Raspberry Pi мен Shein-нің IPO-сы проблемалы Лондон қор биржасын жандандыруы мүмкін
Британдық компьютер өндірушісі Raspberry Pi Лондон қор биржасында (LSE) IPO-ға дайындалуда және жақын күндері тіркеу құжатын жариялайды. Бұл туралы компания хабарлады.
«Компанияның листингі LSE-тің технология секторының өкілдері үшін тартымдылығын арттыруға көмектесуі мүмкін», деп санайды AJ Bell талдаушысы Дэн Коатсворт MarketWatch -ке берген ақпаратында.
Оның айтуынша, Raspberry Pi және азиялық ретейлер Shein-нің жақын күндері ІРО-ға шығуы проблемалы Лондон нарығын «жандандыруы» мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар компаниялар дұрыс бағаланбауына байланысты делистинг жасаған. Олардың қатарында қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясы бар.
«Бұл екі IPO платформаға деген сенімді қалпына келтіріп, басқаларды оны пайдалануды қарастыруға мәжбүр етуі мүмкін», дейді Дэн Коатсворт MarketWatch -ке.
Raspberry Pi 2012 жылы жұмысын бастады. Содан бері ол 60 миллионнан астам бір тақталы компьютерлер мен компьютерлік модульдерді, оның ішінде өткен жылы 7,4 миллион, оның 72 пайызы өнеркәсіптік кәсіпорындарға сатты.
Ал жұмысы 2008 жылы басталған қытайлық ритейл, 2015 жылдан бері Shein брендімен танымал. Қазіргі таңда компания ерлер, әйелдер және балалар кіиімі мен аяқкиімдерін әлемнің 250-ге жуық елінде сатады. 2023 жылы Shein-нің Нью-Йорк қор биржасына шығуға дайындығы туралы хабарланған. Алайда саяси мәселелер бойынша туындаған кедергілерге байланысты компания LSE-ге шықпақшы. Алайда Reuters-тің жазуынша Лондон қор биржасына дайындала бастағанына қармастан Shein әлі де Нью-Йорк-те орналасқанды жөн көреді. Алайда америкалық реттеушінің қатаң бақылауында болғандықтан ол әзірше мүмкін емес.