Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейлік Max мессенджері Қазақстанда іске қосылды

Ресейлік Max мессенджері Қазақстанда іске қосылды

Ресейлік Max мессенджерінде Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде телефон нөмірі арқылы тіркелуге мүмкіндік пайда болды. 

Кейбір БАҚ жазуынша мессенджер Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстанда да жұмыс істей бастады.

MAX — Ресейдің ұлттық мессенджері және VK холдингі әзірлеген цифрлық қызметтер платформасы. MAX мессенджерінің алғашқы нұсқасы 2025 жылдың наурызында таныстырылған. Қазан айының соңына қарай оның аудиториясы 50 миллион пайдаланушыға жеткені туралы хабарланды. 

2025 жылдың тамызында Ресей билігі Telegram мен WhatsApp-тағы қоңырауларға «ішінара шектеу» енгізгенін хабарлады. Бұл шаралар мессенджерлерді алаяқтық, қорқыту және азаматтарды диверсиялық не террористік әрекеттерге тарту үшін пайдаланатын қылмыскерлерге қарсы бағытталған деп түсіндірілді.


Ұқсас материалдар