
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Робокэш.кз» микроқаржы ұйымының қызметін екі ай мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, ұйым уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамаған. Осыған байланысты, компанияға екі ай ішінде:
-
Жаңа шағын несие шарттарын жасасуға;
-
Қолданыстағы шарттардың мерзімін ұзартуға немесе өзгертуге тыйым салынды.
Алайда лицензия уақытша тоқтатылғанымен, «Робокэш.кз» бұрын жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындауы тиіс. Сонымен қатар, бұл шешім борышкерлердің жауапкершілігінен босатпайды.
Айта кетейік, «Робокэш.кз» ұйымы zaimer.kz онлайн несие беру платформасы арқылы қызмет көрсетеді.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары 49,5 млрд теңге таза пайда тапқан.