Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Санкциялық даулар біздің экономикамызға оңай түсіп жатқан жоқ – Ерлан Қарин

Санкциялық даулар біздің экономикамызға оңай түсіп жатқан жоқ – Ерлан Қарин

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында  Одақтас елдердің санкцияда астында қалғаны Қазақстанға да өз салқынын тигізіп жатыр ма, деген мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біздің экономикамызға оңай түсіп жатқан жоқ. Өйткені мемлекеттер арасындағы текетірес, қақтығыс күшейіп жатыр, бір-біріне санкция, шектеулер қойып жатыр. Бір ел басқа бір елге сауда-экономика бойынша санкциялар салады, келесі бір ел басқа бір елге санкция салуда. Олардың барлығы біздің жанымыздағы алып, көрші мемлекеттер. Әрине, осындай жағдайда бізге сауда-экономикалық байланысымызды нығайтып, саудамызды жүргізіп отыру оңайға түспейді. Оның үстіне бәріміз географиядан жақсы білеміз, біз әлемдегі құрлықта жабық орналасқан бірден-бір мемлекетпіз. Құрлықта тұйық орналасқан мемлекеттердің тізімі көп емес. Алып құрлықтың дәл ортасында, теңіз, мұхиттардан алыс орналасқан, транспорттық, трназиттік мүмкіндігі шектеулі мемлекеттердің бірі - Қазақстан. Біздің экономкамыздың дамуы көршілерімізбен қарым-қатынасқа тәуелді. Барлығы да тәуелді, бірақ кейбір мемлекеттер де балама жолдар бар ғой. Теңізге шығады, теңіз арқылы басқа елдермен қарым-қатынас құрады, сауда құрады. Біздің бүкіл мүмкіншілігіміз, артықшылығымыз, кемшілігіміз де географиялық орнымызда. Сондықтан әрине айналадағы елдер осындай жағдайларға тап болып жатқан кезде салқыны әрине, бізге де тиеді», дейді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қариннің айтуынша санкцияның алғашқы кезеңінде еліміздегі кейбір кәсіпорындар нарығының 50 пайызынан айырылып қалған. Алайда Мемлекет басшысының, мемлекеттің саясаттың арқасында бұл мәселелер жылдам шешімін тауып, шетелдік инвесторлардың сенімі азаймаған. Ал оған қол жеткізу оңай емес. Әйтсе де Қазақстанның бейтарап, барлық мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас құрып отырғаны мен түрлі саммиттер мен жиындарда қол жеткізген келісімдердің арқасында сенімге селкеу түскен емес.

«Кейінгі кезде саммиттер не үшін керек, біз үшін қандай пайдасы бар, дегенді әлеуметтік желіде оқып қаламын. Сіздер оның пайдасын нақты осы сәтте, қазір, сезінбеуіңіз мүмкін. Бірақ, осындай жиындарда қабылданған құжаттарды айтпай-ақ қояйық, мемлекет басшыларының өзара сенім қарым-қатынасының арқасында үкіметтер өзара жедел шешімдерді, келісімшарттарды құрып жатады. Осы жылы әлемдік танымал автоөнеркәсіптің үлкен бір өкілі – KIA Қазақстанда зауыт салатын болып шешім қабылдады. Бұл әлемдік алып компанияның бірі. Шетелдің бәрінде зауыт салып жатқан жоқ. Қазақстанға келіп, 100-200 миллион доллар өз тарапынан инвестиция құяйын деп жатыр. Жақында тағы бір әлемдік ірі компания – Pepsi Co. қателеспесем 160 млн доллар инвестиция салып, Алматы облысында зауыт салайын деп жатыр. Тағы басқа осындай үлкен-үлкен инвестициялық жобалар іске қосылып жатыр. Мұның бәрі ненің арқасында? Қазақстанның барлық мемлекеттермен тең дәрежелі қарым-қатынас құрып отырғанының арқасында. Еліміздегі әлеуметтік, қоғамдық экономикалық тұрақтылықтың арқасында. Егер де біздің мемлекетіміздің дамында күмән, болашағына сенімсіздік болса, саясаты дұрыс болмаса, кейбір елдермен қақтығысы болатын болса, ішкі-сыртқы саясаты жағымсыз болса, осындай ұзақ мерзімді, көлемді инвестиция сала ма? Салмайды. Осындай жиындарда, саммиттерде, елімізге келіп жатқан шетелдік мемлекеттердің басшыларының сапары аясында, қол жеткізген уағдаластықтың арқасында, яғни осының бәрінен үлкен бір алғышарт қалыптасады. Ары қарай, кәсіпкерлер, үкімет, министрліктер осындай клмат, атмосфераны пайдаланып нақты шешімдерге қол жеткізіп жатады. Осыны түсінуміз керек», деді ҚР Мемлекеттік кеңесшісі.

Cұхбаттың толық нұсқасы:

 

Ұқсас материалдар