Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Шарын» МҰТП аумағы жыл сайын 20 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтан тазартылады

«Шарын» МҰТП аумағы жыл сайын 20 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтан тазартылады

«Шарын» МҰТП аумақ жыл сайын 20 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Биыл да  аумақтың тазалығын сақтау мақсатында 6 қызметкер күнделікті тазалық жұмыстарымен айналысып, бағыттың санитарлық жағдайына бақылау жүргізуде, деп хабарлады МҰТП-нен. 

Парк қызметкерлері үнемі келуші туристер мен жергілікті халық арасында экологиялық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында,  түрлі табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар өткізіліп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Сондай шараның бірі - жақында «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытында жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық жұмыстар атқарылды. 

Айта кетейік, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 4 туристік бағыт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді. Олар: Шарын ерен тоғайы, Шарын шатқалы - Қамалдар аңғары, Бейіттер мен қорғандар, Темірлік - Кіші шатқал бағыттары.

Ұлттық парк аумағына 2024 жыл басынан бастап, бүгінгі күнге дейін 106 352 турист келді. Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында  барлық туристік бағыттар абаттандырылған. «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытында «Sharyn» визит орталығы туристерге қызмет көрсетуде. Туристік бағыттардың тазалығын сақтау мақсатында жыл басынан 24 экологиялық акция өткізіліп, қатысушылар саны – 5037 адамды құрады. 

Ұқсас материалдар