
Қазақстандық SCAT әуе компаниясының әуепаркі тағы бір жаңа әуе кемесімен толықты. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, компания паркiне қосылған жаңа ұшақ – Boeing 737 MAX 8. Бұл SCAT паркіндегі осындай үлгідегі он бірінші ұшақ және 2025 жылы қабылданған үшінші жаңа әуе кемесі болып отыр.
«Жаңа Boeing 737 MAX 8 экологиялық тиімділігімен ерекшеленеді. Ол көмірқышқыл газының шығарылуын және шуды азайтып, халықаралық тұрақты даму стандарттарына толық сәйкес келеді», – деп атап өтті министрлік өкілдері.
Жыл соңына дейін әуе компаниясы осы үлгідегі тағы бір ұшақты сатып алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда SCAT әуе компаниясының әуепаркі 35 ұшақтан тұрады.