Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Су ресурстарын басқарудың ұлттық цифрлық жүйесі іске қосылады

Су ресурстарын басқарудың ұлттық цифрлық жүйесі іске қосылады

Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін толық іске қосу осы жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.

Қазір жүйені жетілдіру Су режұмыстарының шамамен 80%-ы орындалып, 8 негізгі модуль іске қосылған, мемлекеттік дерекқорлармен 11 интеграция орнатылған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, суармалы суды ашық әрі әділ бөлу үшін пилоттық режимде жаңа биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл жүйе су пайдаланушылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы өтінім беру, келісімшарт жасау және су жеткізу үшін есеп айырысу процестерін толық цифрландырады.

Сонымен қатар Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірленуде. 1980–2025 жылдар аралығындағы деректер жиналып, биыл жобаның практикалық кезеңі басталады. Ал Қазақстандағы барлық су нысандарын толық гидрологиялық модельдеу 2027 жылдың соңына дейін аяқталады.

Министрлік мәліметінше, 2026 жылға дейін сегіз бассейндік жоспар әзірлеу, су кадастрын цифрландыру, экологиялық ағынды есептеу және су пайдалануды болжау жүйесін құру көзделген.

Ұқсас материалдар