Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына тез арада жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Оқиға салдарынан әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп хабарлайды “AirportHaber”.
“Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы уақытша тоқтатылғанын, ал кейбір рейстер кейінге шегерілгенін хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қозғалтқыштағы өрттің себебі анықталуда”, – делінген хабарламада.
Техникалық тексерістерден кейін ұшу-қону жолағы қайтадан ашылады деп күтілуде.