Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Анталия әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртеніп кете жаздады

Анталия әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртеніп кете жаздады
Ресейлік “Азимут” әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағының қозғалтқышы Түркияның Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртеніп кетті, – деп хабарлайды түрік ақпараттық порталы “AirportHaber”.

Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына тез арада жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Оқиға салдарынан әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп хабарлайды “AirportHaber”.

“Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы уақытша тоқтатылғанын, ал кейбір рейстер кейінге шегерілгенін хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қозғалтқыштағы өрттің себебі анықталуда”, – делінген хабарламада.

Техникалық тексерістерден кейін ұшу-қону жолағы қайтадан ашылады деп күтілуде.

Ұқсас материалдар