ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасенов CNPC құрамындағы CNODC компаниясымен бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесу барысында негізгі назар Шымкент мұнай өңдеу зауыты қуатын ұлғайту жоспарына аударылды.
Тараптар зауыттың жылдық өңдеу көлемін қазіргі 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін қарастырды. Бұл жоба ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталған.
Кездесуде Ақтөбе облысында газ-химия кешенін салу мәселесі де қозғалды. Жоба іске асса, кәсіпорын жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіре алады. Оның жалпы инвестициялық құны шамамен 1,25 млрд долларды құрайды.
Қазіргі уақытта тараптар бірлескен кәсіпорын құруға қатысты рәсімдерді аяқтап жатыр. Осыдан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңіне көшу жоспарланған.





