Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды.
Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасады.
Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025





