
Дуровқа Франция аумағынан шығуға тыйым салынды және аптасына екі рет полицияға барып, белгіленіп тұруы керек.
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров-тың жеке ұшағы 24 тамызда Ле Бурже әуежайына қонған кезде ұсталды. Франция прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, Дуров 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді: олардың барлығы Telegram-ды пайдалануға қатысты.