Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тұтынушылық кредит беруді шектеу шаралары енгізілді

Тұтынушылық кредит беруді шектеу шаралары енгізілді

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық кредиттеу қарқынын төмендету мақсатында жаңа талаптарды бекітті.

Қаулы 2025 жылғы 7 қарашада қабылданып, 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Агенттік Басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы №188 қаулысына өзгерістер енгізетін №70 қаулыны қабылдады. Құжатта қарыз алу мүмкіндігін шектеу және қайта дефолт тәуекелін азайтуға бағытталған жаңа нормалар қарастырылған.

90 күннен астам мерзімі өткен қарыздарға шектеу күшейеді

Қаулыға сәйкес, соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарызы бар азаматтар үшін борыш жүктемесі коэффициенті (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Бұл олардың қосымша несие алу мүмкіндігін шектеп, артық қарыздануды азайтуға бағытталған.

Кепілсіз тұтынушылық қарыздарға жаңа тыйымдар

Сонымен қатар, төмендегі жағдайлардың бірі анықталса, банктерге кепілсіз тұтынушылық кредит беруге тыйым салынады:

  • банктік қарыздар бойынша төлем 30 күннен астам кешіктірілсе немесе микрокредиттер бойынша 1 күннен астам мерзім өтіп кетсе;

  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш немесе сыйақы толық кешірілген болса;

  • соңғы 12 айда қарыз алушының төлем қабілетін жақсартпаған қайта құрылымдау жасалса.

Агенттік бұл шаралар халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге және қаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Құжаттың толық нұсқасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Ұқсас материалдар