Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда тұрғын үй сату-алу келісімдері 41,9%-ға азайып кеткен. Мамыр айында үй алып-сату бойынша 30500 келісім тіркелген. Ал сәуір айында 52520 келісім тіркелді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл мәліметті Статистика комитетінің баспасөз қызметі жариялады. Сатып алу белсенділі бойынша Алматы қаласы (4395 шарт) мен Қарағанды облысы (4055 шарт) көш бастап тұр. Ал келісім ең аз өңір Солтүстік Қазақстан облысы (630 шарт).
Ресми дерекке сәйкес, қазақстандықтар көпқабатты үйлердегі пәтерлерді көп алады. Мұндай баспаналарды сату бойынша мамыр айында 21078 шарт жасалған. Әсіресе, 2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Ал жер үйлер бойынша 9422 шарт жасалған. Олардың ең көбі Алматы және Түркістан облыстарында сатылған.
Ал тұрғын үй сату шарттары өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 36,9%-ға кеміген.