Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

UBS Credit Suisse-ті сатып алады

UBS Credit Suisse-ті сатып алады

Швейцариялық UBS банкі қиындыққа тап болған Credit Suisse-ті 3 миллиард швейцариялық франкке (3,25 миллиард доллар) сатып алады, деп хабарлайды MarketWatch.

Мәмілені Швейцария президенті Ален Берсе екі банктің басшылары мен Швейцария Ұлттық Банкі (SNB) басшысының қатысуымен жариялады.


"UBS банкінің Credit Suisse-ті сатып алуы қазіргі жағдайда қаржылық тұрақтылық пен Швейцария экономикасын қорғаудың шешімі ", - деді SNB мәлімдемесінде.

UBS Credit Suisse акциясы үшін 0,76 франк төлейді. Мәміле акционерлердің мақұлдауын қажет етпейді және ақшалай төленеді.
Жұма күні сауда-саттықты жабылуы кезінде Credit Suisse акциялары 1,86 франк болды. Financial Times газетінің хабарлауынша, UBS бастапқыда бұрынғы бәсекелесінің акциясы үшін небәрі 0,25 франк ұсынған.

Ұқсас материалдар