Фольксвагеннің хабарлауынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы зауыт «экономикалық себептермен» сатылған. Мәміленің қаржылық параметрлері айтылмаған.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы зауыт 2013 жылы салынған, бірақ пандемиядан бері көлік шығарған жоқ. Оның орнына жылына 10 мыңға жуық көлікке техникалық қызмет көрсетіледі.
Бастапқыда бұл нысан жылына 50 мың автокөлік шығаруға есептелген. Оны сату арқылы Volkswagen мен SAIC Motor бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімін 2040 жылға дейін ұзартты.
Айта кетейік, германиялық-қытайлық бірлескен SAIC Volkswagen Automotive Co., Ltd. тарихы 1984 жылдан басталады. AIC Motor (50%), Volkswagen AG (38%), Volkswagen (China) Invest. (10%), Audi AG (1%), Škoda Auto (1%) иелік ететін компанияның Қытай аумағында тағы 8 зауыты бар. Оның ішіндегі көлік құрастыру күші ең азы осы Үрімжідегі зауыт болатын. Аталған зауыттарды Volkswagen, Škoda, Audi көліктері шығарылады.