Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

Құжат биыл 9 қаңтарда қабылданған. Министрдің айтуынша, жаңа кодекс құрылыс саласына цифрлық технологияларды енгізіп, жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беру және қайта өңдеу кезеңдерін қамтиды. Сонымен қатар құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін сала қатысушыларына қойылатын талаптар күшейтіледі. Лицензияларды электронды түрде тексеру және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау жүйесі енгізіледі.

Бұдан бөлек, халықаралық стандарттарға сай келетін Ұлттық техникалық нормалау институты құрылмақ. Кодексті іске асыру аясында 138 нормативтік-құқықтық актіні жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас материалдар