Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаңа жылда кейбір азық-түлік тауарларының бағасы өсуі мүмкін

Жаңа жылда кейбір азық-түлік тауарларының бағасы өсуі мүмкін

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Ұлттық статистика бюросы азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді. Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгермеген.

Бірақ министрдің пікірінше, жаңа жылда үстелге қойылатын азық-түлік тауарларының бағасында өзгеріс болуы мүмкін. Қазіргі кезде 37 позицияда өзгеріс бар. Мысал ретінде жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин және шампанды айтуға болады.

Әріптесінің сөзін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та жоққа шығармады.

«Тұтыну бағасының индексінде 550 негізгі тауар бар, мандарин, әрине, оған кірмейді. Жұмыртқа маңызды тағамдық өнім болып табылады. Қалай болғанда да, әсіресе Жаңа жыл алдында маусымдық баға құбылуы болады. Бірақ экономика осылай жұмыс істейді. Баға тұрақталады деп үміттенеміз», – деп жауап берді Қуантыров.

Ұқсас материалдар