Жұмысты «ASMA GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр. Жаңа материал құмды-топырақты қоспадан (ПГС) тұратын жол негізінің беріктігін арттыруға бағытталған.
25 тамызда аталған жол учаскесінде ASMADOR-V материалын қолдану бойынша тәжірибелік сынақ жұмыстары жүргізілді. Сынақ барысына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы қалалық филиалының инженері қатысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың технологиялық талаптарға сәйкестігін қадағалап, бақылау жүргізді.
Сонымен қатар жұмыс барысын Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазжолҒЗИ) мамандары мен Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері бақылап, жаңа материалды қолдану технологиясымен танысты.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы қалалық филиалының инженері аталған жұмыстардың орындалу барысын бақылап, материалды қолдану кезінде белгіленген технологиялық талаптардың сақталуына назар аударды.
«ASMA GROUP» ЖШС бас технологының айтуынша, ASMADOR-V материалын қолдану жол негізінің беріктігін арттырып, жол жамылғысының пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңа материалдың тиімділігі мен техникалық көрсеткіштерін бағалау мақсатында ғылыми-техникалық мониторинг жалғасады. Сынақ нәтижелері материалды жол құрылысында одан әрі қолдану мүмкіндігін бағалауға негіз болады.





