Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жол сапасын арттыру: Алматыда ASMADOR-V технологиясы тексерілуде

Жол сапасын арттыру: Алматыда ASMADOR-V технологиясы тексерілуде
Алматының Жетісу ауданындағы Жолымбет көшесі, 90/2 мекенжайында салынып жатқан жаңа жол учаскесінде жол негізінің беріктігін арттыруға арналған ASMADOR-V жаңа материалы тәжірибелік тұрғыда қолданылуда.

Жұмысты «ASMA GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр. Жаңа материал құмды-топырақты қоспадан (ПГС) тұратын жол негізінің беріктігін арттыруға бағытталған.

25 тамызда аталған жол учаскесінде ASMADOR-V материалын қолдану бойынша тәжірибелік сынақ жұмыстары жүргізілді. Сынақ барысына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы қалалық филиалының инженері қатысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың технологиялық талаптарға сәйкестігін қадағалап, бақылау жүргізді.

Сонымен қатар жұмыс барысын Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазжолҒЗИ) мамандары мен Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері бақылап, жаңа материалды қолдану технологиясымен танысты.

«ASMA GROUP» ЖШС мамандары ASMADOR-V материалының ерекшеліктері мен оны жол құрылысында пайдалану тәртібін таныстырды. Сынақ барысында материалды жол учаскесіне жеткізу, оны жол бойында қоспамен араластыру, қажетті ылғалдылық деңгейіне жеткізу және тығыздау сияқты негізгі технологиялық процестер орындалды.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы қалалық филиалының инженері аталған жұмыстардың орындалу барысын бақылап, материалды қолдану кезінде белгіленген технологиялық талаптардың сақталуына назар аударды.

«ASMA GROUP» ЖШС бас технологының айтуынша, ASMADOR-V материалын қолдану жол негізінің беріктігін арттырып, жол жамылғысының пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңа материалдың тиімділігі мен техникалық көрсеткіштерін бағалау мақсатында ғылыми-техникалық мониторинг жалғасады. Сынақ нәтижелері материалды жол құрылысында одан әрі қолдану мүмкіндігін бағалауға негіз болады.

Ұқсас материалдар