Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдегі мұнай өңдеу саласын кеңейту жоспарын жариялады.
Оның айтуынша, алдағы 15 жылда Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 30 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін ұлғайтылады.
Министр 2040 жылға қарай қуаты жылына 10 млн тонна болатын ірі мұнай өңдеу зауыты іске қосылатынын айтты. Жаңа кәсіпорынның өңдеу тереңдігі 95% деңгейінде болмақ.
Ақкенженовтің сөзінше, жаңа зауыт ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын толық жойып, елді мұнай өнімдерімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан көршілес мемлекеттерге дайын өнім экспорттауды жоспарлап отыр.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





