Орталық Азиялық жарнама қауымдастығының (CAPA) сарапшылар комиссиясы қазақстандық жарнама нарығын бағалап, 2023 жылдың нәтижелерін ұсынды, деп хабарлады tribune.kz.
Өткен жылы еліміздегі жарнама нарығы телевизия, интернет, сыртқы жарнама, радио, баспасөзде шамамен 113,4 млрд.теңгені құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 33%-ға көп.
«Қазақстанның жарнама нарығы 2023 жылы 33%-ға әсерлі өсім көрсетті және психологиялық маңызды көрсеткіштен 100 млрд теңгеден асып түсті. Бұл кем дегенде CAPA нарықтық бағаларды жариялай бастағаннан бері ең маңызды өсім. Баспасөзден басқа медиа сегменттерінің барлығы дерлік өсті», дейді ОАА сарапшылар кеңесінің төрағасы Ильмурад Джумаев.
ТВ жарнама 40,2 млрд теңгені құраған, 2022 жылы 35,2 млрд теңге болған. Жылдық өсім 14%. 2024 жылы да бұл қарқын сақталады деп күтілуде.
Интернет-жарнама сегменті 2022 жылмен салыстырғанда 53,8 млрд теңгені құрап, +56% өсім көрсетті. 2022 жылы 34,4 млрд теңге болған еді.
Сыртқы жарнама нарығының жылдық өсімі 34%, ақшалай мәнде 14,7 млрд теңге болды. Радио сегменті де қалпына келе бастады, 2023 жылдың соңында өсім 5%, ақшала мәнде 3,8 млрд теңгені құрады. Радиоға негізгі жарнама берушілер: электроника дүкендері, банктер мен букмекерлік кеңселер.
Баспасөз сегментінің үлесі жыл сайын төмендеуде. Өткен жылғы жарнамалық табысы 2022 жылмен салыстырғанда -10% құлдыраған. 2022 жылы көрсеткіш 1,1 млрд теңге болса, 2023 жылы 1,0 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, 2023 жылы Өзбекстанның жарнама нарығының айналымы 1,14 трлн сомды құраған еді.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024