![2024 жылы Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87% болды](/uploads/posts/1739519485_Fv9CBRHK3JEOo-oiY9NcgYLP-lxvo4Nz/image/post7.jpeg)
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялар санының 13,4% өсті. Жалпы саны – 12,8 млрд операция, көлемі – 17% (жалпы көлемі – 166,1 трлн теңге) болды. Қазақстандықтар күн сайын орташа есеппен 453,6 млрд теңгеге қолма-қол ақшасыз 35,1 млн операция жүргізді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сүйенсек, транзакцияларды талдағанда саны жағынан 98%-ы және көлемі жағынан 87%-ы – қолма-қол ақшасыз операциялар болған. Оның 90%-ы банктердің онлайн сервисі арқылы жүргізілген.
![](../uploads/files/2024%20%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B%20%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%20%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B.png)
Бұл ретте банктердің онлайн-сервисін пайдаланушылар саны 13%-ға, 25,9 млн дейін ұлғайды.
Бір жыл ішінде интернет пен мобильді банкингтің бір пайдаланушысына келетін онлайн-транзакция көлемі орта есеппен 7%-ға (6,1 млн теңгеге дейін) өскен.