Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылдың соңына дейін Алматыда 10 базар жаңартылады

2025 жылдың соңына дейін Алматыда 10 базар жаңартылады
2025 жылдың желтоқсанына дейін Алматыдағы «Арлан», «Батыр», «Тұлпар, «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау самалы», «Береке», «Сауда кент» және «Сарыарқа» базарлары жаңғыртылуы керек. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы  Айдар Әбілдабековтің Алматыға сапары барысында айтылды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Сауда комитетінің хабарлауынша Алматыда  қазір 38 сауда базары бар. Оның 4-арнайы базар болса, қалған 34-і әмбебап базар. Сауда заңнамасына сай сауда базарлары өз аумағында  көлік тұрағымен қамтылған, сауда орындары санитарлық және өрт қауіпсіздік талаптарына сай, онлайн төлем жүргізу мүмкіндігі болуы шарт. 

Биыл еліміз бойынша барлығы 100 сауда базарын модернизациялау жұмыстары жүргізілмек.  Алматыдан бөлек, Астанада 7,  Шымкентте 4, Абай, Жамбыл, ШҚО, Қостанай, облыстарында 3-тен, Алматы облысында 10, Атырау және Қызылорда облыстарына 4-тен, Ақмола облысында 1, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында 2-ден, Жетісу және Павлодар облыстарында 6-дан, Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында 5-тен, Түркістан облысында 8 сауда базары жаңғыртудан өтеді. Ел бойынша ең көп сауда базарының модернизациясы жүретін өңір – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 14 сауда базарын жаңғырту жоспарланған.

Айта кетейік, елдегі базарларды жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін толықтай аяқталуы тиіс. 2026 жылдан бастап сауда заңнамасында көрсетілген заманауи форматқа сай келмейтін сауда базарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Ұқсас материалдар