Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылдан бастап банктерге жаңа салық тәртібі енгізіледі

2026 жылдан бастап банктерге жаңа салық тәртібі енгізіледі

Қазақстанда 2026 жылдан бастап банктер үшін салық салудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған өзгерістер халықтың шамадан тыс несие алуын шектеу және қаржылық тұрақтылықты арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Сүлейменовтің сөзінше, келесі жылдың алғашқы жартысында жаңа макропруденциалды құрал – кіріске қатысты борыш коэффициенті іске қосылады. Бұл тетік қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалауға және олардың жалпы берешегін шектеуге бағытталған.

Халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу үшін кіріске қатысты борыш коэффициенті енгізіледі. Бұл құрал халықаралық тәжірибеде қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау үшін кеңінен қолданылады. Коэффициенттің нақты мәні есептеліп, келесі жылдың бірінші жартысында енгізіледі, – деді Ұлттық банк төрағасы.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктердің табысына қатысты жаңа салық мөлшерлемелері күшіне енеді:

  • бөлшек несиелендіруден түсетін табысқа 25% корпоративтік табыс салығы,

  • бизнеске берілетін несиелерден түсетін табысқа 20% салық белгіленеді.

Сонымен қатар «қазір сатып ал да, кейін төле» (BNPL) қызметін реттеу тетіктері де енгізілмек.

Сүлейменовтің айтуынша, жаңа Салық және Бюджет кодекстері мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, жоспарлау сапасын жақсартуға және Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуге бағытталған.

Ұқсас материалдар