Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемдерін бекітті.
Келесі жылы зейнетақы мөлшері 10%-ға ұлғайады.
Бекітілген негізгі көрсеткіштер:
• Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге
• Базалық зейнетақы – 35 596 теңге
• Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
• АЕК – 4 325 теңге
• Күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге
Бұл өзгерістер 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілді. Сонымен қатар ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс қолдау таппады.





