Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылы 40-қа жуық аудит жүргізілмек

  2026 жылы 40-қа жуық аудит жүргізілмек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады.

Кездесуде ведомствоның биылғы тоғыз айдағы жұмысы және 2026 жылға арналған жоспары баяндалды, деп хабарлады Ақорда.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндіріліп, 96 ұсыным және 800-ге жуық міндетті нұсқама берілген. Сонымен қатар 42 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

Палата қызметін цифрландыру аясында аудиторлық жұмыстың барлық кезеңін автоматтандыратын жаңа ақпараттық жүйе енгізілген. 2026 жылы ведомство 40-қа жуық тексеру өткізуді жоспарлап отыр.

Аудит бағыттары: фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, жол инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты, сондай-ақ «Қазақтелеком», «Қазпошта» және Қылмыстық атқару жүйесі комитеті секілді ұйымдардың қызметі қамтылмақ.

Ұқсас материалдар