Министрдің айтуынша, 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі күн тәртібіне шығарылады.
Халық табысын қолдау бағытындағы шаралар
Жұманғарин жұмыспен қамтуды арттыру бағдарламалары жалғасатынын атап өтті. Әсіресе экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге қосымша қолдау көрсетілмек. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылығын күшейту үшін цифрлық технологияларды қолдану кеңейтіледі.
Министрдің айтуынша, 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысы жылына кемінде 2-3% деңгейінде өседі деп күтіледі.
Квазимемлекеттік секторда оңтайландыру жалғасады
Үкімет квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмысын жалғастырады. 2026 жылдың соңына дейін жаңа квазимемлекеттік субъектілерді құруға мораторий сақталады.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспары» аяқталуға жақын. Алдағы кезеңге оңтайландыруға ұсынылған жаңа тізбеге баланстық құны 2 трлн теңгеден асатын 500-ге жуық компания енгізілді.
Оңтайландыру үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бұған қоса, «Қазақтелеком» және «Qazaq Green Power PLC» компанияларының акцияларын IPO/SPO арқылы нарыққа шығару жоспарланып отыр.
Макроэкономикалық тұрақтандыру шаралары
Жұманғариннің айтуынша, макроэкономикалық тепе-теңдікті нығайту мақсатында Үкімет пен Ұлттық банк ақша-кредит және салық-бюджет саясатын өзара үйлестіреді.
Вице-премьердің айтуынша, қабылданған бағдарлама ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, қаржылық жүйені нығайтады.
«Бағдарламаны жүзеге асырудың басты нәтижесі – халықтың нақты табысының өсімі болуы тиіс», – деді ол.





