Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек

2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек
2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді. 

"Қазір бұл көрсеткіш 7 пайыз шамасында. Жыл басында мен орта бизнесті қолдау үшін нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырма бердім. Яғни, жан-жақты шаралар қолға алынуы керек еді. Алайда іс жүзінде әлі дайын емес", деді Қ.Тоқаев. 

Президенттің айтуынша әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет.

"Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек. Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады, бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар", деді Мемлекет басшысы.


Ұқсас материалдар