Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн құмар ойын желісі әшкереленді

 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн құмар ойын желісі әшкереленді

Қазақстан аумағында ірі көлемдегі заңсыз құмар ойын схемасы анықталды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу дерегінше, ұйымдастырушылар «bingo37.pro» онлайн-платформасы арқылы мыңнан астам ойын түрін ұсынған. Қатысушыларды тарту негізінен Telegram мен WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізіліп, жарнамалық хабарламалар мен бонустық ұсыныстар арқылы «жеңіл ұтыс» уәде етілген.

Қаржы ағындарын жасыру мақсатында Грузия және Тәжікстан азаматтары тартылған. Олар Қазақстанда банк шоттары мен SIM-карталар рәсімдеп, кейін бұл деректерді платформа ұйымдастырушыларына берген. Осы шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат өткен.

Қылмыстық іс аясында 2025 жылдың тамызында негізгі ұйымдастырушы Бахтияр Оглы Р.-ға халықаралық іздеу жарияланып, сот сырттай қамауға алу туралы санкция берген. Ал 2026 жылдың қаңтарында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Сонымен қатар тергеу барысында екі қымбат автокөлік – Porsche Cayenne және Lexus GX 460 мемлекет кірісіне тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Ұқсас материалдар